Бек Шымат Сүгір термесі минус

00:00 / 03:51
Loading
Скачать
0
11424
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Свойства файла: 4,4 Мб 160 кбит/с
Загружено: Бек Шымат @ 15.10.13
Текст песни «Сүгір термесі»
  
Ауылға Сүгір келді-деп,
Ордасын да талай сайлаған.
Сары самаурын, ақ құман ей,
Кең дастархан жайнаған.
Ағалар енді аман бол!
Келді ме деп жыршылар,
Ботадай көздері жайнаған.
Тал шыбықтай бұралған,
Маржандай тістері құралған,
Мырза қайным келді деп,
Шыға да алмаған құмардан.

Келіндерімде бар еді,
Қайнаға келді дегенде.
Реңін қалай көрем деп,
Сығалап талай қимаған.
Құрбыларым да бар еді,
Қона кетші құрдас деп.
Талай жанды қимаған,
Сызылып талай сыйлаған.
Інілерім де бар еді,
Сүгірдей ағам келді деп.
Ат шаптырып айқайлап,
Хабар да салған еліме.

Таратқан менің даңқымды,
Мәжілісте байтақ жеріме.
Біз жүре беріппіз жігіттер,
Адайдың берген желіне.
Қыздарым да бар еді,
Шай құйып беріп атамның.
Батихасын алам деп,
Саусақтары майысқан.
Алты қанат-ай ақ орда!
Біздерде кеттік - ай аман бол!
Айырылып қалып-ай барасың,
Шабысы жүйрік арыстан.
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.