Төреғали Төреалі Бәйге минус

00:00 / 03:25
Loading
Скачать
3
20075
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Тип: задавка + бэк
Свойства файла: 7,8 Мб 320 кбит/с
Загружено: андрей петренко @ 27.10.15 04.08.20
  
Құлағын тұр қайшылап қазан аттарың.
Бақ пен бабы сай келсе озат аттары.
Ал бұйыртып бәйгенің алдынан келсең.
Көкке лақтырып өркеңді азаматтарың.

Ал қиқула шаң шығып қара көрінді.
Арғымақтар алдына дара бөлінді.
Топырақты төңкеріп,тарлан жануар.
Қайыстырып келеді қара жеріңді.

Қайырмасы:
Эй, айхайла пай пайла.
Думандатып той тойла.
Шаңға бөкті айнала.
Алда кетті қай бала?
Бас,бас,бас қамшыңды тоқтамай
(2 рет)

Шашасына шаң жұқпай шаршамай дара.
Дүбірінен дүрлікті ән сарай дала.
Әне кетіп барады жалға жабысқан.
Желмен бірге жарысып қаршадай бала.

Қайырмасы:
Эй, айхайла пай пайла.
Думандатып той тойла.
Шаңға бөкті айнала.
Алда кетті қай бала?
Бас,бас, бас қамшыңды тоқтамай.
(2 рет)

Қаның ойнап мұндайда жаңғырар кеуде.
Жүлдеңді ал бəйгеңнің алдынан келде.
О, Жаратқан баланы сақтай көр өзің.
Тұлпарды да тұяқтан қалдыра көрме.

Қайырмасы:
Эй, айхайла пай пайла.
Думандатып той тойла.
Шаңға бөкті айнала.
Алда кетті қай бала?
Бас,бас, бас қамшыңды тоқтамай.
(2 рет)
Текст добавлен: андрей петренко
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.