Төреғали Төреалі Казак кызга уйленем минус №2

00:00 / 02:48
Loading
Скачать
0
7521
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Тип: мастер
Свойства файла: 6,3 Мб 320 кбит/с
Загружено: Проект «Достык» @ 13.06.16
Текст песни «Казак кызга уйленем»
  
Аты-жөнім болады Төреғали Төреәлі
Жүрегімнің жартысын көрген жоқпын мен әлі
Қыздар маған қосылмай қарайтындай досындай
Үйленбегем негізі түрім өзі осындай

Эх жаным қыздар-ай
Жас жүрегім сыздады-ай
Сыздатуға жүректі
Неге құмарсыздар-ай
Ғашық шығарсыздар-ай

Орыс қызын сүйген ем
Ақыл айтып, ми жеген
Әдетіне төзбедім
Ерін төстеп билеген

Үнді қызын сүйген ем
Кездескенде киномен
Есімінен шатасып
Гита Зита дей берем

қайырмасы:
Эх тілімен түйреген
Қабақ шытсам күйреген
Қадірімді білетін
Қазақ қызға үйленем

Еріндері кеседен
Басқа жерге тимеген
Қадірімді білетін
Қазақ қызға үйленем

Қытай қызын сүйген ем
Көптігінен именем
Қайын жұртым кеп қалса
Сыймаймын ғой үйге мен

Өзбек қызын сүйген ем
Күнде биге сүйреген
Билегені демалыс
Демалысы күйбелең
 
Қайырмасы:
Эх тілімен түйреген
Қабақ шытсам күйреген
Қадірімді білетін
Қазақ қызға үйленем

Еріндері кеседен
Басқа жерге тимеген
Қадірімді білетін
Қазақ қызға үйленем

Қыздар маған сенбейді
Сенбеген соң тергейді
Тергеуші қыз алдында
Ақтылағым да келмейді

Мың жүректі сыздатып
Мың жүректі мұздатып
Ең соңында сыйлаймын
Бір жүрекке шын бақыт

Мың сұлудың қиялы
Телефонда ұялы
Әрі кетсе жүрекке
Төрт-ақ ару сыяды
Текст добавлен: Erdostur
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.