Қарақат Әбілдина Бесик жыры / Кулыншагым минус

00:00 / 01:15
Loading
0
1065
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Тип: демо (заказ у аранжировщика)
Свойства файла: 2,8 Мб 320 кбит/с
Загружено: Проект «Достык» @ 28.04.22
Толык нускасы 1000 тг, ватсап 87773020256 жазыныз Көптеген әндердің минустары осында сілтеме бойынша өтіп қараныз https://vk.com/studia.dostik
Текст песни «Бесик жыры / Кулыншагым»
  
Ерте, ерте, ертегім
Ертеден сыр шертемін
Еркелейсің тентегім,
Балапаным-ай!

Ертегідей өлкенің,
Келешегі, көркі едің
Өсе берсін өркенің,
Балапаным-ай!

Қайырмасы:
Құлыншағым-ай, ұрыншағым-ай
Желкілдейді желменен тұлымшағың-ай
Құлыншағым-ай, құлыншағым-ай!

Тәй-тәй бастың, талпындың,
Жанарыңда жарқын күн
Былдырлайсың бал тілдім
Балапаным-ай

Сынығындай алтынның
Үлгісі боп мәрт ұлдың
Батасын ал халқыңның
Балапаным-ай

Қайырмасы:
Ботақаным-ай қошақаным-ай
Ата берсін арайлап таң шапағың-ай
Ботақаным-ай, ботақаным-ай!

Ерте, ерте, ертегім
Еркелеген көркемім
Жығылмасын желкенің
Балапным-ай!

Тілекшіңмін мен сенің
Артам саған зор сенім.
Кіп-кішкентай бөлшегім
Балапаным-ай!

Қайырмасы:
Бұзық еркем-ай, қызық еркем-ай
Жарық болсын жан көкем, жүзің ертең-ай
Бұзық еркем-ай, қызық еркем-ай
Ұрыншағым-ай, Құлыншағым-ай!
Текст добавлен: Аскар Шарипов
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.