Нұрлыхан Алиев Арқаның аруы Айсұлу минус

00:00 / 05:13
Loading
Скачать
0
1115
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Тип: нейро-минус (нейромастер)
Свойства файла: 7,1 Мб 192 кбит/с
Загружено: Алтуха @ 14.05.22
Текст песни «Арқаның аруы Айсұлу»
  
Арқаның керім кешінде жаным кездестік,
Сұлуды көрсем жан емес едім сезбес түк.
Білектей бұрым беліңе дейін бұралып,
Төгіліп тұрды, көрініп тұрды көзге ыстық.
Қызарып барып кірпігін күнде жапты әрең,
Жарық жалғанмен қоштасып үнсіз жатты әлем.
Жұлдызды аспанды жанарына алған сыйдырып,
Айға ұқсап туған арманым, неткен әппақ ең
                    1 Қ-сы:
Балдай қылығың бағаңды бірден арттырып,
Жанымды өртедің жанарыңды оттай жалт бұрып
Әппақ арманым бұрала билеп жүрдің сен,
Қап-қара түнге қара бұрымды лақтырып.
Әппақ арманым бұрала билеп жүрдің сен,
Қап-қара түнге қара бұрымды лақтырып.

Балауса сезім көңілге сеуіп балдай мұң,
Батқан күнменен кеткендей көшіп бар қайғым.
Жүзіңнен сенің үзіліп түскен нұрменен,
Үлбіреп тұрған үміттерімді жалғаймын.
                     2 Қ-сы:
Сыңар боп туған шығарсың мендік мұңмен сен,
Шіркін-ай саған аспаннан үзіп гүл берсем.
Тұп-тұнық түнде бір жұлдыз ағып түскенше,
Арман жоқ саған сертімді беріп үлгерсем.
Тұп-тұнық түнде бір жұлдыз ағып түскенше,
Арман жоқ саған сертімді беріп үлгерсем.
                     1 Қ-сы: 
Балдай қылығың бағаңды бірден арттырып,
Жанымды өртедің жанарыңды оттай жалт бұрып
Әппақ арманым бұрала билеп жүрдің сен,
Қап-қара түнге қара бұрымды лақтырып.
                     2 Қ-сы:
Сыңар боп туған шығарсың мендік мұңмен сен,
Шіркін-ай саған аспаннан үзіп гүл берсем.
Тұп-тұнық түнде бір жұлдыз ағып түскенше,
Арман жоқ саған сертімді беріп үлгерсем.
Тұп-тұнық түнде бір жұлдыз ағып түскенше,
Арман жоқ саған сертімді беріп үлгерсем.
Арман жоқ саған сертімді беріп үлгерсем.
Текст добавлен: Алтуха
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.