Түнгі аспанда жүрегіміз сырласқан
Құпиясын сыр сандығын кімге ашқан
Арманына жете алмаған көңілім
Сені ойлаудан басқа сауық-ей құрмастан
Қайырмасы:
Қалшы бір сәт кезігіп сағынғаның сезіліп
Әуеніңе салшы қалқам кетейінші-ей езіліп
Қалшы бір сәт кезігіп сағынғаның сезіліп
Әуеніңе салшы қалқам кетейінші-ей езіліп
Біз қыдырған анау қырат, анау бақ
Енді қайтып мойын бұрмас манаурап
Мен ауылдан кетем деген кезімде
Жанарыңда қалды бір мұң-ой алаулап
Қайырмасы:
Көкірегімнің көзі күн меңзеп барады мезі мұң
Тым болмаса түсінсеңші кетсін еріп-ой сезімім
Көкірегімнің көзі күн меңзеп барады мезі мұң
Тым болмаса түсінсеңші кетсін еріп-ой сезімім
Тек өзіңсің жүрегімнің нұрлы әні
Көңілімнің сенімен құт гүл бағы
Саған қарай сәлем жолдап жатқанда-ай
Кешке салған әуенімнің-ей ырғағы
Қайырмасы:
Кездесерміз біз әлі сағынып күн ұзарды
Саған ғана жазылғандай жүрегімнің ей жүз әні
Кездесерміз біз әлі сағынып күн ұзарды
Саған ғана жазылғандай жүрегімнің ей жүз әні
Қайырмасы:
Қалшы бір сәт кезігіп сағынғаның сезіліп
Әуеніңе салшы қалқам кетейінші ей езіліп
Қалшы бір сәт кезігіп сағынғаның сезіліп
Әуеніңе салшы қалқам кетейінші ей езіліп