Ермек Елгезеков Ұмытпаймын минус

00:00 / 04:00
Loading
Скачать
0
512
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Тип: нейро-минус (нейромастер)
Свойства файла: 9,1 Мб 320 кбит/с
Загружено: Алтуха @ 24.08.22
Текст песни «Ұмытпаймын»
  
Мен ешқашан ұмытпаймын
Күлімдеген жүзіңді
Жанарыңды жан тербетер
Мөлдір қара көзіңді
Ақ жүзіңе көрік берген
Қою қара қасыңды
Ұмытпаймын мен ешқашан
Сол бір қолаң шашыңды

         Қайырмасы:
Ұмытпаймын ұмытпаймын
Сыңғырлаған үніңді
Махаббаттың гүлін ашқан
Арманға толы күнімді
Ұмытпаймын ұмытпаймын
Сырға толы сөзіңді
Бал сезімді сыйға тартқан
Ұмытпаймын өзіңді


Саған деген сағынышым
Күн мен түнге артуда
Жүректегі жанған жалын
Саған қарай тартуда
Ғашық оты дамыл таппай
Күні-түні ойлаймын
Енді жаным жаныма алмай
Ешқашанда тоймаймын

         Қайырмасы:
Ұмытпаймын ұмытпаймын
Сыңғырлаған үніңді
Махаббаттың гүлін ашқан
Арманға толы күнімді
Ұмытпаймын ұмытпаймын
Сырға толы сөзіңді
Бал сезімді сыйға тартқан
Ұмытпаймын өзіңді
Текст добавлен: Алтуха
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.