Тоғыз ай он күн толғайды,
Өмірге мені жолдайды.
Алты хат аспан астында,
Анаңдай адал болмайды.
Анамдай адам болмайды.
Жалғызым жаным жан апам,
Мақтадан мамық алақан.
Ананың жаны бозторғай,
Баланың жаны балапан.
Адамды Алла көп сынар,
Әкенің сөзі оқ шығар,
Анаңдай сұлу адамзат,
Жұмақ жақтада жоқ шығар.
Періштең болып қорғайтын,
Пейіштей болып орнайды,
Жеті хат жердің үстінде,
Анамдай жылу болмайды.
Анамдай сұлу болмайды.
Жалғызым жаным жан апам,
Мақтадан мамық алақан.
Ананың жаны бозторғай,
Баланың жаны балапан.
Адамды Алла көп сынар,
Әкенің сөзі оқ шығар,
Анаңдай сұлу адамзат,
Жұмақ жақтада жоқ шығар.
Қартайса анаң сол қайғы,
Ақ жүзін әжім торлайды.
Жүрексіз адам болса да,
Баласыз ана болмайды.
Анасыз бала болмайды...
Жалғызым жаным жан апам,
Мақтадан мамық алақан.
Ананың жаны бозторғай,
Баланың жаны балапан.
Адамды Алла көп сынар,
Әкенің сөзі оқ шығар,
Анаңдай сұлу адамзат,
Жұмақ жақтада жоқ шығар.
Жалғызым жаным жан апам,
Мақтадан мамық алақан.
Ананың жаны бозторғай,
Баланың жаны балапан.
Адамды Алла көп сынар,
Әкенің сөзі оқ шығар,
Анаңдай сұлу адамзат,
Жұмақ жақтада жоқ шығар.
Анаңдай сұлу адамзат,
Жұмақ жақтада жоқ шығар.