Мейрамбек Бесбаев & Ернар Айдар
`МЕН СЕНІ ҰМЫТПАЙМЫН`
Әні: Абзал Молдабеков
Сөзі: Қалқаман Сарин
1.Аңсатқан айлы жаз кешінде
Кешігіп келіп кездесуге
Кешір дегенің, есімде менің
Махаббат мұңын ұғыншы деп
Көргенде мені күлімсіреп
Жаным дегенің, жадымда менің
Мен сені ұмытпаймын,
Сезімді саған деген суытпаймын
Өзіңсіз ой да мені
Ай да әдемі жылытпайды
Ұмытпа сенде мені,
Мен сені ұмытпаймын.
2.Түсіндім мен де бұл шындықты
Сендегі ұзақ үнсіздікті
Өкпелегенің, кетпе дегенің
Сезімді нәзік елжіреген
Көзіңді сенің мөлдіреген
Ұмыта алмадым, үміт арманым.
Мен сені ұмытпаймын,
Сезімді саған деген суытпаймын
Өзіңсіз ой да мені
Ай да әдемі жылытпайды
Ұмытпа сенде мені,
Мен сені ұмытпаймын.
~ КаптейнСтар ~