Әні: Ұшқын Жамалбеков
Сөзі: Шадияр Есенәлі
Көңілім көк аспанмен тілдеседі
Ойласам ақ періштем күнде сені
Кездейсоқ егер саған кезікпесем
Жүрегім ғашықтықты білмес еді
Түндеде сені іздеймін айналадан
Жанымды ай сәулесі аймалаған
Қалайда мен өзіңе қол жеткізем
Періштем сені ұмыту қайда маған
Қайырмасы:
Оу менің ақ періштем
Келбетің нақ келіскен
Мен саған ғашық болып
Қиналдым әттең іштен
Қайырмасы:
Дертімді сезімсіз-ақ емдегенмін
Сертімді көп сұлуға бермегенмін
Өмірде сендей қызға кезігуді
Ең тәтті түсімдеде көрмегенмін
Сөзіме сенбейсіңбе мына менің
Неліктен шарлатасың мұң әлемін
Егерде жүрегіме еніп көрсең
Қаншалық сүйгенімді ұғар едің
Қайырмасы:
Оу менің ақ періштем
Келбетің нақ келіскен
Мен саған ғашық болып
Қиналдым әттең іштен
~ КаптейнСтар ~