Самал желмен тербеледі
Сенің қара шаштарың
Ойлайсынба сенде мені
Құпиянды ашпадың
Өмір бойы өзіңменен
Бір болуды қалаушы ем
Маған ғашық көзінменен
Басқа жанға қараушы ең
Махаббат пен ойнама сен
Жас жүректі қинама сен
Сүйемін деп алдама сен
Егер мені сүймесен
Жаңбыр жауған сол бір түнде
Кеттің неге қарамай
Айтшы ғашық болдың кімге
Жүрегімді жаралай
Кеттің қайда, қайда кеттің
Іздеп сені таппадым
Сезіміммен ойнап өттің
Болдың бірақ тәтті әнім