Ғаділбек Жаңай Жаным өзің болмасаң Ожидает модерации

00:00 / 03:04
Loading
Скачать
0
30
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Тип: нейро-минус
Свойства файла: 7 Мб 320 кбит/с
Загружено: КаптейнСтар @ 03.08.24
Текст песни «Жаным өзің болмасаң»
  
Жаным өзің болмасаң
Шығады кімдер көңілден?
Сырымды тарқатпай, мән таппай
Өтер едім өмірден

Жаным өзің болмасаң
Бақытты қайдан табар ем?
Жаза алмай жарамды қараңғы
Болар еді бар әлем
Мен жалғыз қалар ем

Жаным өзің болмасаң
Көңілсіз болып өтер ем
Төнгендей қара аспан адасқан
Мәжнүндей боп кетер ем

Жаным өзің болмасаң
Жадырап жаздай күлмес ем
Әр күннен бақ тауып, шаттанып
Уақыт барын білмес ем
Жанымда жүрмесең

Жаным өзің болмасаң
Кетер ем мен де жоқ болып
Махаббат әнін де, бәрін де
Қалар едім жек көріп

Жаным өзің болмасаң
Атпайтын еді таңым да
Төзім де, сезім де, өзім де
Айналар ем сағымға
Сен жүрші жанымда

~ КаптейнСтар ~
Текст добавлен: КаптейнСтар
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.