Арманым
Көріп сені өзгердім
Қайдан жаным кез келдің
Ғашық болып өзіңе
Қалғанымды сезбедім 2
Ән арнадым шумақтап
Тыңда жаным құлақ сап
Қол ұстасып өтейік
Қалма менен шырақта 2
Қайырмасы:
Өзің болдың арманым
Үміт жібін жалғадың
Осы әнімді арнадым
Сенсіз өмір не керек
Сенің орның тым бөлек
Қол ұстасып өтейік
Өтер өмір дөңгелеп 2
Бақытым да, бағым бол
Бетке ұстар арым бол
Сыйлап өтер мәңгілік
Адал сүйген жарым бол 2
Қайырмасы - - - - -