Асыл ана, қамқор әке ардағым,
Сендер барда арайлатар таңдарым.
Тербеп бесік, ақыл құйған санам- ай,
Мен сіздерді бақытты ету арманым.
Ана, Әке,
Мен сіздерді бақытты ету арманым. 2 рет
Жүздеріңде күннің нұры жайнасын,
Ал жүректе тек қуаныш бойласын.
Бақытына ұрпағыңның бөленіп,
Көңілдерің гүл көктемдей жайнасын.
Ана, Әке,
Көңілдерің гүл көктемдей жайнасын. 2 рет
Сіздер барда қуанамыз, тасамыз,
Шымылдығын шатты күннің ашамыз.
Бақыт берген сенімінен сәбиге,
Алла қолдап, ұзақ өмір жасаңыз.
Ана, Әке,
Алла қолдап, ұзақ өмір жасаңыз. 4 рет