Не дейін жаным саған?
Жүрекке жара салған
Тек қана айтарым сол
Сүйгенім бақытты бол
Таныстым бір өзің мен
Туған күн кешінде
Сол күннен бастап мен бір
Ғашықпын бір өзіңе
Не дейін жаным саған?
Жүрекке жара салған
Тек қана айтарым сол
Сүйгенім бақытты бол
Арманым алып ұшқан
Көгершін секілденді
Мұңайып сағыныштан
Өмірім өтуде енді
Өмірде естен кетпес
Сол бір ғашық күндер
Өзіңді ойлауменен
Ұйқысыз жаткан түндер
Не дейін жаным саған?
Жүрекке жара салған
Тек қана айтарым сол
Сүйгенім бақытты бол