Көктемде...
1. Барма маған ғашық адам бір жерде,
Мен туралы ойланама түндер де.
Өкінемін өзімді-өзім кінәлап,
Маған қайтып жолықпасын білгенде.
қайырмасы:
Барма сол жан мен білмеймін жоқ па әлде?
Жолығуға асығама көктемде.
Кездесуге қайран ару қорқама?
Төмен қарап мен қасынан өткенде.
2. Жазғы гүлі барқыт еді әдемі,
Ғашық еді бүкіл аспан әлемі.
Ай сәулесі түсіп тұрды жүзіңе,
Қабағыңда сәл көлеңке бар еді.
қайырмасы:
3. Күн ақ сүтін алып-алып қалатын,
Анда-санда жұлдыз ғана ағатын.
Ай сәулесі арасынан теректің,
Екеумізді оңай тауып алатын.
қайырмасы: