Өз балаңнан артық бала бар ма ана
Мәз боласың жарай қалсам шаруаңа
Теңізді де көшіп өтіп жетпейме
Жанботасын сағынғанда ару ана
Теңізді де көшіп өтіп жетпейме
Жанботасын сағынғанда ару ана
Ару анасың мен ботаңмын жан ана
Сенсіз менің бақ жұлдызым жана ма
Сенсіз менің айым туып алдымнан
Атым шауып бас бәйгені аламба
Сенсіз менің айым туып алдымнан
Атым шауып бас бәйгені аламба
Жасай берші жаным анам жан анам
Сені сезем мынау бархыт ауадан
Жұлдыздардан сәуле тамса сол сәуле
Сенің нұрлы көкірегіңнен таралған
Жұлдыздардан сәуле тамса сол сәуле
Сенің нұрлы көкірегіңнен таралған
Анам анам сенен қуат алайын
Алдым сенен атқан таңның арайын
Сенің ғана жанарыңда тұратын
Мейірімді қайдан ғана табайын
Сенің ғана жанарыңда тұратын
Мейірімді қайдан ғана табайын
Жаным анам асыл анам жан анам