Жаңа ғана болғандай боп барі де
Өткен күнім көзімде тұр елесі
Мен өзімді жұбатамын сені ойла
Өтінемін «ойламашы» демеші
Сені көрем жұмсам да мен көзімді
Таба алмай дәл осындай сезімді
Көздерімде күліп тұрса елесің
Ойламаймын қалай ғана өзіңді
Бүгін тағы-тағы сені ойлауменен,
Кешір жаным көз ілмедім.
Сені мәңгі өмірімнен өшіргенмен,
Менің мына көзімдесің.
Сағындым сені,
Сағындым сені,
Ойлауменен.
Зауқым соқпай сенсіз атқан тұныктардан,
Жүрегімде жылайды үнің.
Мейлі мені мәңгілікке ұмытсаң да,
Мен өзіңді ойлай берем.
Сағындым сені,
Сағындым сені,
Ойлауменен.
Аспанда да айым болсаң жұлдыз боп,
Жаныңда мен жарқырайын жанайын.
Дәл өзіңдей аяулы жан аруды,
Айтшы жаным қайдан іздеп табайын.
Өзің едің көңілімнің көктемі,
Сенсіз бүгін көңілім мұң шертеді.
Қол ұстасып бір бақшада жүруші ек,
Болды бүгін сол бір күндер ертегі.
Бүгін тағы-тағы сені ойлауменен,
Кешір жаным көз ілмедім.
Сені мәңгі өмірімнен өшіргенмен,
Менің мына көзімдесің.
Сағындым сені,
Сағындым сені,
Ойлауменен.
Зауқым соқпай сенсіз атқан тұныктардан,
Жүрегімде жылайды үнің.
Мейлі мені мәңгілікке ұмытсаң да,
Мен өзіңді ойлай берем.
Сағындым сені,
Сағындым сені,
Ойлауменен.