Кымбатсын сен жаныма жаным,
Өлшеусіз мен ляззат аламын.
Сұлу жүзіңді көргенде,
Нәзік ерніңнен сүйгенде.
Өзіңді көруге асықтым,
Ғашықпын өзіңе ғашықпын.
Ғашықтықтан жасқанамын,
Ғашықтықтан ән саламын.
Қ-сы
Ляззат алам сұлу жүзіінен
Ляззат алам айтқан сөзіңнен
Ляззат алам мөлдір көзіңнен
Ляззат алам жаным өзіңнен
Ляззатқа толы әрбір күнім,
Ляззатқа толы әрбір түнім.
Өзіңмен бірге өткізген,
Ертегідей ғажап кездей.
Күлімдейсің сүйем дегенде,
Сүйемісің дәл мендей сенде.
Сезімменен оттай жанған,
Сезім сырын айтшы маған.
Қ-сы
Ляззат алам сұлу жүзіінен
Ляззат алам айтқан сөзіңнен
Ляззат алам мөлдір көзіңнен
Ляззат алам жаным өзіңнен