Таң еді жарық нұрлы,
Аппақ қар жауып тұрды,
Жай басып келе жаттың күліп.
Бір сезім өпті мені,
Кеудемді тепкіледі,
Жанымды кернеп ақты үміт.
Сырымды ақтарамын,
Сенсің ғой, сенсің ғой тапқан әнім,
Ақ таңда ақшақарға шомылған,
Ақмаралым.
Көрдім де баяулады,
Қасыма аялдады,
Жүзіңе аппақ арай тұнып.
Бір ортақ ән ұштасып,
Екеуміз қол ұстасып,
Біз кеттік баққа қарай жүріп.
Әлі де білесің бе,
Сол бір шақ жүр есімде,
Дариға-ай күндер еді-ай,
Тұнық.
Жаным-ау мөлдір көзді,
Ұмытпа сол бір кезді,
Сол нұрмен күнде мені
Жылыт!