«Шағалалы Шардара»
Әні: А.Асановтікі
Сөзі: Б.Ауданбаевтікі
-1-
Аманбысың аңсаған,
Шағалалы Шардара.
Қайта келдім мен саған
Жылдар салып араға.
Баяғыдай соғады
Толқындарың жағаға.
Көкте қанат қағады
Бұрынғыдай шағала.
Қ-сы: Шағалалы Шардара,
Сағым дала, сары дала.
Келер ме екен сол бір қыз
Толқын соққан жағаға.
-2-
Өзгермепті таңың да,
Өзгермепті самалың.
Тек сол қыз жоқ жанымда,
Біле алмадым хабарын.
Жағалауда қол бұлғап,
Жүрушіедік жараса.
Ізімізді толқындар,
Аймалайтын таласа.
Қ-сы:
-3-
Елестетіп өткенді,
Көз алдыма тағыда.
Бір шағала кетпеді,
Ұшып жүрді маңымда.
Сырласуға тіл келмей,
Мұңды әуенді қайталай.
Сол қыз жайлы жүргендей,
Әлдененіайталмай.
Қ-сы:
Кода:Шарқ ұрады шағалаң,
Шағалалы Шардарам! – 2 рет.