АДАСҚАН ШАҒАЛА
Сөзі: М.Мақатаев
Әні: А.Асанов
І
Жаным-ау, қайдан жүрсің, ақ шағала,
Келсең кел, бұл өлкені жат санама.
От-суы мол осынау байтақ алқап,
Сая болған батырға, патшаға да.
Қ-сы: Адасқан шағала,
Шарқ ұрып жағада.
Қайда жүрсің,
Зарлық құсым,
Жаным-ау,
Адасқан «Ақ шағала».
ІІ
Айдыным жоқ төсіңмен шимайлаған,
Аялайды, әлдилеп мидай далам.
Толқынға қонақтаған ерке-тотай,
Толқынсыз қара суға қимай барам.
Қ-сы:
Адасқан шағала,
Шарқ ұрып жағада.
Қайда жүрсің,
Зарлық құсым,
Жаным-ау,
адасқан «Ақ шағала».
ІІІ
Кім екен саған еткен зорлық, қысым,
Адасқан Атыраудан зарлықпысың?
Көлшігім, бұлақтарым – бәрі саған,
Адасқан Отанынан зарлық құсым.
Қ-сы:
Адасқан шағала,
Шарқ ұрып жағада.
Қайда жүрсің,
Зарлық құсым,
Жаным-ау,
адасқан «Ақ шағала».