Есен-аман жүрмісің, Ләйлім шырақ?
Жаңа таптым ауылыңды көптен сұрап
Жел тимесе жан тимес деп жүргенде
Қол ұстасып жатпенен кеттің жырақ
Аққу едің таранған айдындағы
Ұштың ұзап қанатың жайдың-дағы
Көлеңкеңді көрсетпей кете бардың
Қол алысқан сертіңнен тайдың-дағы
Осылай ма ей, қалқа, айтқан сертің
Жүрегімді жандырды ғайшық дертің!
Мұнша неге сен мені әуреледін
Болмаған соң әуелде баста еркің?!