Хат жаздым қалам алып сізге еркем
Жүзі бар он төртінші-ай айдай көркем
Есіме сен түскенде беу қарағым
Қозғайсың қатып қалған-ай іштің дертін
Уай, дайдидау-ай
Қозғайсың қатып қалған-ай іштің дертін
Шынымен менен де ұстан қалғаның ба
Қайғыға көңілімді-ай салғаның ба
Екеуіміз айрылмастай болып едік
Өкінем уәдемнің-ай жалғанына
Уай, дайдидау-ай
Өкінем уәдемнің-ай жалғанына