Барады аулым көшіп Қызылжарға,
Таң атар, шолпан туып, сызылғанда, Көзіңнің мөлдірін ай.
Осы әнге тамылжытып сала берем,
Көңілім өзіңді ойлап бұзылғанда, Көзіңнің мөлдірін ай.
Қайырмасы:
Құландай жүйрік майда жал-ай,
бар ма екен біздей ынтызар-ай,
Ішінде топ қарағай уәделескен, Көзіңнің мөлдірін-ай.
Ел алды қарайғанда қамыс қалды
Ауылы қалқатайдың алыс қалды, Көзіңнің мөлдірін-ай.
Ауылға алыс қалған қарай-қарай
Қайрылып қаршығадай мойным талды, Көзіңнің мөлдірін-ай
қ-сы