КЕЗДЕРДЕ КЕЙДЕ ҚАРА БҰЛТ АЙДЫ БҮКТЕГЕН,
ҮЙІМЕ ҮНСІЗ ТҰНЖЫРАП ҚАЙҒЫРЫП КЕЛЕМ.
ТАЛЫҚСЫП ЖАТЫП СОДАН СОҢ КЕТЕМІН ҰЙЫҚТАП,
ҰЙЫҚТАП КЕТСЕМ ТҮСІМДЕ СӘЙГҮЛІК КӨРЕМ...
Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап,
Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап.
Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам,
Мен болсам — арман, тұлпарым — арманнан да әппақ!
Аққу сындымын бүгінде айдыны — қырау.
Қай жаққа апарып көмермін қайғыны мынау.
–Өңіме қарай бір кезек шаппайсың ба неге
Түсімде көріп жүретін сәйгүлігім-ау