Жас жұбайлар.
әні: Б Сердалы. сөзі:Өтеген Оралбаев
Ақ қайыңның төгіліп нұр шашағы,
Алаңқайды ақ қанат гүл басады.
Алақанға қондырған ақ сезімін,
Жас жұбайлар жарасып сырласады.
Қайырмасы:
Сендерге әрдайым орын бар,
Ақ отау төріне қоныңдар.
Ақ тілек батамыз мінекей,
Бақытты болыңдар болыңдар.
Бірін-бірі көргендей бірінші рет,
Көп қарайды жанымды ұғыншы деп.
Қалқатайын аймалап күйеу жігіт,
Қалыңдық тұр, күнәсіз күлімсіреп
Қайырмасы.