Қадау, қадау ұлылар,
Тірнегі талай, талай сырлар шерткен даналарым.
Тарау, тарау тарих боп,
Сөйледі сонау сонау ғасырлардан бабаларым.
Қол созып аспанға, айналып дастанға,
Естілгендей маған
Солар болар заманның өрнегі, көктен биік ұстап өткен жалауларын
Жүрегім діріл-дірілдейді, дірілдейді, діріл-дірілдейді,
Домбыра үні күмбірлейді, жүрегіммен бірге,
Мәңгілік рухы тірі дейді, тірідейді, тірі-тірідейді,
Жеткендей біздерге, айналып бір жұмбақ күйге.
Қайырмасы:
Бабалардың Ізін көрем, Ізін көрем
Даналардың Ізін корем, Ізін көрем
Керейдей даналардың,
Жамбыл, Абайлардың,
Адаспаңдар деген,
Сөздеріне сенген,
Жолымен келем.
Сезем, білем, көремін бәрінде бұрын соңды бұны қалай байқамадым.
Жырым, сырым құбылған әнімді қайта-қайта, таңырқадым, қайталадым.
Жүрегім діріл-дірілдейді, дірілдейді, діріл-дірілдейді,
Домбыра үні күмбірлейді, жүрегіммен бірге,
Мәңгілік рухы тірі дейді, тірідейді, тірі-тірідейді,
Жеткендей біздерге, айналып бір жұмбақ күйге.