«Ескендір Хасанғалиев - Атамекен»
1.Жасыл жайлау-түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Маңдайымнан сипап өткен самалды,
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен,
Көкейімде жатады екен.
Күннің өзі ұясына,
Қимай оны батады екен.
2.Жасыл жайлау-түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауым, аспаныммен астасқан,
Қазағымның мəртебесі деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен,
Көкейімде жатады екен.
Күннің өзі ұясына,
Қимай оны батады екен.
3.Жасыл жайлау-түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сəулесін,
Қазағымның махаббаты деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен,
Көкейімде жатады екен.
Күннің өзі ұясына,
Қимай оны батады екен.