Жан анам, асыл анам, қиынға жасымаған,
Сен барда көк теңіздей тасып ағам.
Мейірімін төккен маған, көңілің көктем маған,
Мен үшін менің анам аяулы Анам.
Көрмесем сағынамын, өзіңе бағынамын,
Ауырма жалынамын Аяулы Анам.
Өмірдің өткелінен сүрінбей өткеніңе,
Артыңа қарайлайсың алаңдаумен.
Ұл-қызың өскенімен жан-жаққа кеткенімен,
Жолына сағынумен қарайлайсың.
Мейірімін төккен маған, көңілің көктем маған,
Мен үшін менің анам Аяулы Анам.
Жетелеп жетегіне ойланып ертеңіме,
Алладан бақытымды тіледің бе?
Қуанып жүреміз тек ойнаппыз күлеміз деп,
Сен жүрсең арамызда Аяулы Ана.
Қуанып жүреміз тек ойнаппыз күлеміз деп,
Сен жүрсең арамызда Аяулы Ана.
Мейірімін төккен маған, көңілің көктем маған,
Мен үшін барлық ана Аяулы Ана.