Әппақ гүлдей нәзігім -ау
Ойлай-ойлай қажыдым — ау
Сағыныштан жүрек балқып
Есіме алдым көңіл шалқып
Аспандағы кұстай қалқып
Жарқыраған күнім бе едің
Тіл қатпадың, дірілдедің
Жалғандағы асылым -ау
Алғаш сүйген ғашығым — ау
Сырымды айтып жасырынам
Қ-сы
Сені іздедім жаным — гүлім
Сені іздедім жаным
Сені іздедім жаным — гүлім
Сені ойладым жаным бүгін
Сені ойладым жаным
Сені ойладым жаным бүгін
Бір қыдырған түндер қайда,
Бірге жүрген күндер қайда
Тебіреніп толғанамын,
Болар кеуде толкын ағын?
Үміт үзбей жол қарадым
Қ-сы
Сені іздедім жаным — гүлім
Сені іздедім жаным
Сені іздедім жаным — гүлім
Сені ойладым жаным бүгін
Сені ойладым жаным
Сені ойладым жаным бүгін
Сені іздедім жаным — гүлім
Сені іздедім жаным
Сені іздедім жаным — гүлім