"Өмір шіркін"
Әні:Мұрат Қабылов
Сөзі:Бақытжан Қасым
1.Өмірдің тарам-тарам жолдары-ай,
Жеткізбес таудан биік арман-ай.
Біреулер бақ деп ойлайды тек жиғаның,
Біреулер бақ деп ойлайды иманың.
Қайырмасы:
Біреуге атақ-бақ қонар,
Біреуге байлық тақ болар.
Наданның жолы көлеңке,
Адалдың жолы ақ болар.
Жақсының жолы оң болар,
Жаманның жолы сор болар.
Із қалсын десең артыңда,
Ізгілік жолың таңдап ал,
Тағдырың сенің!
2.Өмір-алмасады күн,түн.
Өмір-жалғасады шіркін..
Өмір-ұстатпайды желдей,
Өмір-өте шығар бір күн.
Шаттық-шапағатпен дүбірлессек,
Мейір-маxаббатпен ғұмыр кешсек,
Заңғар даналардай биік болып,
Арман ақ жалауын тұғырлы етсек!
Арман-ай,арман-ай
Сан тарау жолдар-ай.
Тұрақ тауып өмірде,
Шын бақыттың төрінде.
Шаттық-шапағатпен дүбірлессек,
Мейір-маxаббатпен ғұмыр кешсек,
Заңғар даналардай биік болып,
Намысты тұғырлы етсек.
Қайырмасы:
Біреуге атақ-бақ қонар,
Біреуге байлық тақ болар.
Наданның жолы көлеңке,
Адалдың жолы ақ болар.
Жақсының жолы оң болар,
Жаманның жолы сор болар.
Із қалсын десең артыңда,
Ізгілік жолың таңдап ал,
Тағдырың сенің!