Көзіңе жаным
Өзіңе мәлім
Ұнатып бірден қалғаным
Арманым болсаң
Таңдауым болсаң
Жоғары екен талғамым
Сезім дегенің өзің екенсің жаным
Қайырмасы
Сен бар жерлерде шаттана аламын
Сенсіңғой менің аппақ адалым
Жердің бетінен тапқан адамым жаным
Сезімнің жүрмін күшінде күнім
Көңіл күйімді түсірме гүлім
Көзіңнен ұғам ішіңдегінің бәрін
Күлші бағымда
Жүрші жанымда
Жарығым маған адал боп
Тілегім ханшам жүрегім болсаң
Менен бақытты адам жоқ
Өзім дегенім өзің екенсің
жаным
Қайырмасы;
Өзгеше сұлу лала гүлімсің
Сырымды барлық адам ұғынсын
Сен менің жақсы жаңалығымсың биылғы
Әнімді саған шексіз арнаймын
Ұялғаныммен көп қызармаймын
Қуанғанымнан жеткізе алмаймын күйімді
Сен менің жақсы жаңалығымсың биылғы