Жол үстінде қала бердің мен кеттім,
Суда жүзіп жүрген жандай сергекпін.
Ұққандаймын жақсылығын өмірдің,
Тартқандаймын бар ләззатын жер - көктің
Бір, бір арман айтқан сөзің,
Жай ғана, жай ғана.
Жаздым оны кеудемдегі айнама.
Осыншама бақыт сыйлап сен маған, сен маған,
Бақытсыз боп қалам - ау деп ойламан
Ақ тілеумен аяладың ат мінсең,
Шаттығым боп шарықтадың шат күлсем.
Менің нұрлы жанарымның ішінде,
Жұлдыз болып жанып бара жаттың сен
Бір, бір арман айтқан сөзің,
Жай ғана, жай ғана.
Жаздым оны кеудемдегі айнама.
Осыншама бақыт сыйлап,
Сен маған, сен маған,
Бақытсыз боп қалам - ау деп ойламан