Аруларға гүл а(лы)п,
Мінезіне шыдап,
Күлімдесе соған қуанған.
Апаратын айға
Сезімдерім қайда
Он жетімде жоғалтып алған?!
[Қайырмасы]
Қайда, қайда, қайда жүрегім,
Қайда, қайда қайран он жетім менің.
Сол шақтарым елес.
Өмір өмір емес,
Өмір деген мәңгілік көктем.
Аңсап жүрмін қатты,
Мөлдір маxаббатты.
Он жетіме қалдырып кеткен, кеткен!
[Қайырмасы]
Қайда, қайда, қайда жүрегім,
Қайда, қайда қайран он жетім менің.
[Қайырмасы]
Қайда, қайда, қайда жүрегім,
Қайда, қайда қайран он жетім менің.
Қайда, қайда, қайда жүрегім,
Қайда, қайда қайран он жетім менің