1.Сағымды белдерім,
Сабынды көлдерім.
Тұрасың мәңгілік,
Тұсында кеуденің.
Таба алмай шөлдедім,
Өткеннің өрнегін.
Қайтаршы балауса
Сәтімді сен менің.
Қ-СЫ
Мен жүрген көшелердің
Бәрі де өзгерген.
Қайда сол кешегі
Құрбылар көз көрген?!
Асыр сап алысқан
Қайда сол дос-бауыр?!
Жүрсем де алыста
Сағынтты ескі ауыл.
2.Арайлы таңдарым,
Сапала саумалым.
Өзіңде қалықтап,
Ақ қанат арманым.
Самалды тауларым,
Саялы бауларым.
Жаныма батады,
Жырақта қалғаның.
Қ-СЫ
Мен жүрген көшелердің
Бәрі де өзгерген.
Қайда сол кешегі
Құрбылар көз көрген?!
Асыр сап алысқан
Қайда сол дос-бауыр?!
Жүрсем де алыста
Сағынтты ескі ауыл.
Қ-СЫ
Мен жүрген көшелердің
Бәрі де өзгерген.
Қайда сол кешегі
Құрбылар көз көрген?!
Асыр сап алысқан
Қайда сол дос-бауыр?!
Жүрсем де алыста
Сағынтты ескі ауыл.
Сағынтты ескі ауыл.