1. Өзің едің жырақтағы арман,
Күтіп жүрмін шуақ таңын алдан.
Жүрегіме тұрақтадың
Сезіміме кінә артпадың
Болмаса екен бірақ бәрі жалған.
Өзің едің қызғалдағым менің
Бұлбұлы көп гүлзар бағым ба едің
Қамалымның бұзған бәрін
Сені ерекше қызғанғаным
Себебі сен ізгі арманым едің
Қайырмасы:
Гүлім, айналмашы сағымға,
Сөнбестей боп жалында.
Болшы мәңгі жанымда
Күнім, бақытым да, барымда
Сезімімнің бағында
Өзің болшы жанымда.
2. Мөлдір таза бұлағымсың аққан
Адасқанда шырағымсың жаққан.
Шыңға біткен шынарымсың,
Таусылмайтын жыр-әнімсің,
Бұл өмірде сыңарымсың тапқан.