1. Анашым ақ бұлағым,
Бал ғұмырдың таттым нәрін.
Сыйладың өміріме,
Шуақты арай, шаттық әнін
Кең жайған керегемді,
Тәрбиең де бөлек енді.
Есіме сақтап келем,
Өшірместен өнегеңді.
Қайырмасы:
Асыл ана шуағым,
Жаққан өмір шырағын.
Қуанамын өзің барда,
Жұбанамын.
2. Ойлаған бала қамын,
Ақ мақтадай алақаның.
Әніммен өзіңе апа,
Жан жылуын таратамын.
Көрсеттің сүйегімді,
Сағынамын мейіріміңді.
Бола алмас ай да, күн де,
Дәл өзіндей мейірімді.