Нурболат Абдуллин Сағым жылдар минус

00:00 / 03:39
Loading
Скачать
0
4535
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Свойства файла: 6,6 Мб 256 кбит/с
Источник:youtu.be/ErMGBheuMic
Загружено: Асқар Шамекеев @ 24.06.21
Текст песни «Сағым жылдар»
  
Сағындым, сағым уақыт,
Табатын жаным бақыт.
Балалық ұяның,
Қарлығаш қиялын
Еске алып тербелемін.
Жұлдызын көгімнің,
Бақытын өмірдің
Аңсаумен мен келемін.

Қайырмасы:

Сағыныш-ай,
Сағыныш-ай,
Сен де бір арман,
Сен де бір жалған.
Сағыныш-ай, сағыныш-ай,
Сенімен бірге
Толқиды жаным менің.

Сағындым, сағым жылдар,
Өттің-ау ағып, жылдар,
Баладай алаңсыз,
Баянды, баянсыз,
Тағдырға бағынумен.
Оралып келе алмай,
Достарды көре алмай,
Күн кештім сағынумен.

Қайырмасы:

Сғындым, сағым күндер,
Сағынсам, жаным гүлдер.
Өмірдің көшінен
Мен, бәлкім, кешігем,
Сағынып, кеш қалармын.
Балалық көктемім,
Қамығып өткенін
Аңсаумен еске алармын.
Текст добавлен: Асқар Шамекеев
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.