Сағынам еркем сені
Толқытады мені сезім лебі
Мөлдіреген сол бір көзіңдегі
Сенің аяулым.
Көргеннен көңіл тасып
Бір өзіңе жаным еттің ғашық
Өтейікші мәңгі қол ұстасып
Келші сүйген сәулем жанардағым
Кетпеші қасымнан
аңсап күткен арманым
Өзіңменен бірге толсын
əрбір таңдарым
Бір сен едің
Аққулар ішінен қалап
сүйіп таңдағаным.
Махаббаттың жаны
мəңгі солмас гүл едің
Арманымда сенсің
аппақ өмір тілегім
Бір сен едің жайдарлы
жан гүлім
Сені іздеп аңсап жабығар
жан жүрегім.
Жүзіңнен арай көрдім
Адасып алдыма қалай келдің
Көз алмай қызыға қарай бердім
Арнап бұл əнімді.
Сені ойлап тынады ішім
Төзімім таусылды болат күшім
Жүректегі қайғы қуанышым
Тек өзіңді тілеп жұбанады.
Кетпеші қасымнан
аңсап күткен арманым
Өзіңменен бірге толсын
əрбір таңдарым
Бір сен едің
Аққулар ішінен қалап
сүйіп таңдағаным
Махаббаттың жаны
мəңгі солмас гүл едің
Арманымда сенсің
аппақ өмір тілегім
Бір сен едің жайдарлы
жан гүлім
Сені іздеп аңсап жабығар
жан жүрегім.