Бақытым балам дедің,
Әкем менен анам менің,
Аман жүрсең бар арманым.
Байлығым - бауырларым,
Жаныңның ауырғанын
Жеткізгендей жанарларың.
Қайырмасы:
Қыз ғұмыр келте неткен,
Елім ғой еркелеткен.
Ұмытпаймын бәрін де мен.
Жүректер сыздамасын,
Айналдым қыз баласын
Қонағым деп қадірлеген.
Түргендей бақ түндігін,
Теңімді таптым бүгін.
Ұзап барам өз көліме.
Мақтаулы тәмам елге
Аяулы аға-жеңге,
Алғысым көп өздеріңе.
Қайырмасы:
Қыз ғұмыр келте неткен,
Елім ғой еркелеткен.
Ұмытпаймын бәрін де мен.
Жүректер сыздамасын,
Айналдым қыз баласын
Қонағым деп қадірлеген.