Сары, сары, сары бақтарда,
Салқын самал ескен шақтарда,
Сары мұңға көңілім батқанда,
Жасытпа күз.
Сарғыш, сарғыш күзгі әлемде,
Сағынышым сыймай өлеңге,
Сары мұңға жанымды бөлеуге,
Асықпа күз, асықпа күз, асықпа күз, асықпа.
Сары, сары жапырақтар,
Жаныма маза бермейді.
Жараланған жанымды менің,
Қорлама күз.
Мазаланған сансыз ойларым,
Самал желмен ұшып өтсе екен.
Онсыз да мұңды жүрекке,
Маза бер күз, маза бер күз,
Асықпашы, асықпа.
Жан жарасын емдейді уақыт,
Сезім деген өлмейді жақұт.
Мені де бір тербейді бақыт,
Таласпа күз, таласпа күз.
Қоштасып кетерміз,
Арманға жетерміз,
Өзгені бақытты етерміз,
Жауратты күз мынау,
Үмітті үздік - ау,
Енді біз бөтенбіз ,
Енді біз бөтенбіз,
Енді біз бөтенбіз!
Табиғат жатыр маужырап,
Түстерге бояп мазалап.
Жаздың жайлы жылы күндерін,
Жасырма күз.
Қаһарлы қыстың күндерін,
Қарымен бірге шақырма.
Кешікші сәл жалынамын,
Сен жұмбақ күз, әдемі күз,
Асықпашы, асықпа!