Көріп едім көздеріңнен өмірдің гүлін
Сол көркіңнен жүрегімде сезім тербедің
Көктем кеште кезігіп ең арманым менің
Сенбе едің аңсағаным аяулым менің
Есіңдеме сол бір сөзің сүйем дегенің
Сен келер деп ойлап едім сені іздедім
Сол бір түнде сені күттім неге келмедің
Өзге жанмен бақыт іздеп қалай кеткенің
Қайырмасы
Аңсаймын сөздеріңді
Тұңғұйықтай көздеріңді
Сағындым мен өзіңді аяулым менің
Қинадың жүрегімді
Көз ілмедім күндіз - түні
Сүйіп едім мен
Сұлуым менің
Сенсіз жаным жасыл жазым өтіп барады
Қиқулаған аппақ қазда кетіп барады
Қош бол жазым жан сүйіктім дегім келмейді
Жүрегімде оттай сезім қалып барады
Қайырмасы
Аңсаймын сөздеріңді
Тұңғұйықтай көздеріңді
Сағындым мен өзіңді аяулым менің
Қинадың жүрегімді
Көз ілмедім күндіз - түні
Сүйіп едім мен
Сұлуым менің