Түсіме енесің де,
Жақындап келесің де,
Кетесің сағымданып,
Әлде бұл елесің бе?
Мен жалғыз қала берем
Махаббат кемесінде,
Шыңдағы шынарым-ай,
Қол жетпес құмарым-ай!
Тәнімді тербегендей,
Жанымды емдегенде
Бір күш бар таңғажайып,
Сен десе селдегендей.
Бейтаныс бақыт құсым,
Сезінші сен де мендей.
Шыңдағы шынарым-ай,
Қол жетпес құмарым-ай!
Бір шың бар арамызда,
Бір сыр бар санамызда.
Тек сырттай ғашық болып,
Тіл қатпай қаламыз ба?
Табысып әлде біздер,
Бақытты боламыз ба?
Шыңдағы шынарым-ай,
Қол жетпес құмарым-ай