Жарық түн, жарық түн
Жарықтығы осындай ма тамұқтың
Жұлдыз болып ағып түскен аспаннан
Сенің ғана көз жасыңа қанықпын
Жұлдыз болып ағып түскен аспаннан
Сенің ғана көз жасыңа қанықпын
Екеуміз, екеуміз
Неге сонша махаббатқа бөтенбіз
Жүрегімнің тыңдамайды ақылын
Жер бетінің ақымағы екенбіз
Махаббатты кінәлаймыз бекер біз
Көк аспан, көк аспан
Бір басыма бақта, сорда таласқан
Сынығы айдың сәулесіндей, үмітпен
Тағдырымды іздеп жүрмін адасқан
Сынығы айдың сәулесіндей, үмітпен
Тағдырымды іздеп жүрмін адасқан
Екеуміз, екеуміз
Неге сонша махаббатқа бөтенбіз
Жүрегімнің тыңдамайды ақылын
Жер бетінің ақымағы екенбіз
Махаббатты кінәлаймыз бекер біз
Екеуміз, екеуміз
Неге сонша махаббатқа бөтенбіз
Жүрегімнің тыңдамайды нағаулым
Жер бетінің ақымағы екенбіз
Махаббатты кінәлаймыз бекер біз