Мәлік Жамбылұлы Аяулым Ожидает модерации

00:00 / 03:18
Loading
Скачать
0
380
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Тип: нейро-минус + бэк
Свойства файла: 7,5 Мб 320 кбит/с
Загружено: Мейірім Әуелханұлы @ 30.04.23
Текст песни «Аяулым»
  
Дос-жаранмен түсінісіп,
Жарастым ба, білмеймін.
Құпиясы дүниенің
Жаңа аштым ба, білмеймін.
Өмір деген - қалың орман.
Адастым ба, білмеймің.

Өмір түгіл, өзімді де білмеймін,
Сені ойласам, түзімді де білмеймін.
Бар білерім - сені сүйген екенмін,
Сені мәңгі аялаумен өтермін.

Тәңірімнен құат бер деп,
Сұрадым ба, білмеймін.
Жан түсінбей жүрегімді,
Жыладым ба, білмеймін.
Сан сүрініп тіршілікте,
Құладым ба, білмеймін.

Ғашық дертті махабаттан,
Нұр алдым ба, білмеймін.
Дүниеге жұмбақ болып,
Жаралдым ба, білмеймін.
Бар ма, жоқ па, бақытымды,
Таба алдым ба, білмедім.
Текст добавлен: Мейірім Әуелханұлы
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.