Ғажап еді түн қандай
Ай жүзінде мұң бардай
Ақ жұлдыздар сол Айды
Жұбатқалы тұрғандай
Дидарыңнан арайлы
Тылсым жылу тарайды
Үнсіз ғана маған да, қарайды.
Жұлдыздар, жұлдыздар
Әнін Айға қосатын
Өмірде бір қыз бар
Өз бақытын тосатын.
Жұлдыздар, жұлдыздар
Түннің сырын сақтаған
Әлемде бір қыз бар
Жұбанышын таппаған.
Жеткізе алмай сезімін
Тауысқандай төзімін
Жұлдыз ақса аспаннан
Тамшысындай көзінің.
Жұлдыздарым сырласып
Жанымды ұғар мұңдасып
Өздеріңдей мені кім, тыңдасын.
Жұлдыздар, жұлдыздар
Әнін Айға қосатын
Өмірде бір қыз бар
Өз бақытын тосатын.
Жұлдыздар, жұлдыздар
Түннің сырын сақтаған
Әлемде бір қыз бар
Жұбанышын таппаған.