Алыстап күндер өтпестей болған
Күз келіп гүлдер сарғайып солған
Бағала алмай бақытты қонған
Жаным-ау біздер адастық жолдан
қайырмасы:
Сүймеймін сені сағынып
Күтпеймін деуге зарығып
Бата алмай жүрміз бата алмай жүрміз
Уақыт заңыңа бағынып
Қоштасып алып жабығып
Кете алмай тұрмыз кете алмай тұрмыз
Тұрсам да қимай жүрегім жылай
Ұзайсың менен білемін жырақ
Келерсің бәлкім бірер күн шыдар
Жаралы жаным білермін сұрап
қайырмасы:
Сүймеймін сені сағынып
Күтпеймін деуге зарығып
Бата алмай жүрміз бата алмай жүрміз
Уақыт заңыңа бағынып
Қоштасып алып жабығып
Кете алмай тұрмыз кете алмай тұрмыз