Сүйкімді аққу жазып қанатын
Біздің көлден ұшып қонатын
Менің сәулем, ал менің сәулем
Сол аққудан сұлу болатын (2 рет)
Қайырмасы:
Айналайын, ақ сәулем
Үміт отын жақ сәулем
Аққуым көгімнің
Самғашы бүгін
Күндей күліп арайлым
Келе ме деп қараймын
Бақытты бол өмірде
Арманым менің
Жұлдыздарын шашып қара түн
Ай, күнім деп күліп жанатын
Менің сәулем, ал менің сәулем
Сол аққудан сұлу болатын (2 рет)
Қайырмасы.
Кетерінде жымыңдап еді
Күліп атқан сұлу таң еді
Табылмайды енді қайтадан
Табылмайтын сұлудан еді (2 рет)