1.Біз екеуміз көкке самғадық
Әнге бөлеп айналаны
Кешір жүрек, бола бермейді
Адамдардың ойлағаны
Сағыныштан күзгі бақтарда
Сені іздермін жалғыз, жалғыз
Сен есіме түскен шақтарда
Селдетермін жалғыз, жалғыз
Сендей сірә, болмас ақ қар да...
Сендей адам жалғыз, жалғыз...
Сендей сірә, болмас ақ қар да...
Сендей адам жалғыз, жалғыз...
2.Бір күндері мен де ұмытармын
Күндер өтер күрең, күрең
Арман еді, мені адастырған
Қол жетпесін білем, білем...
Сағыныштан күзгі бақтарда
Сені іздермін жалғыз, жалғыз
Сен есіме түскен шақтарда
Селдетермін жалғыз, жалғыз
Сендей сірә, болмас ақ қар да...
Сендей адам жалғыз, жалғыз...
Сендей сірә, болмас ақ қар да...
Сендей адам жалғыз, жалғыз...
~ КаптейнСтар ~